Өскеменнің екі тұрғыны тойға арналған ақшаларынан айырылды
Өскемендегі мейрамханалардың бірінің бұрыңғы администраторы екі адамды алдап соқты. Ол той өткізуге берілген ақшаны жымқырып кеткен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
57 жастағы қала тұрғыны мерекелік банкет өткізу үшін тапсырыс беруге мейрамханалардың біріне барады. Оны ол жерде мейрамхана администраторы қарсы алып, банкеттің ақшасы бірден төленсе, жақсы жеңілдік жасалатынын айтқан. Алаяқтың әрекеті той өткізетін күні бірақ белгілі болған. Әйел ешқандай тапсырыстың жасалмағанын, ал оны қарсы алған администратордың бұл мейрамханада қызмет етпейтініне біршама уақыт болғанын біледі. Жалған администратор жымқырып кеткен қаражат 400 мың теңгені құрайды.
Кейін дәл осындай ұқсас жағдай тағы бір қала тұрғынының басынан өткені анықталады. Тағы сол жалған қызметкер тура осы әдіспен 200 мың теңгені иемденіп кеткен.