Семейдің жолдарындағы су жаңа сызба-жолақтарды жаңбыр шайып кетті
Семейдің жолдарындағы су жаңа сызба-жолақтарды жаңбыр шайып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы, павлодарлық фирманың жол белгілерін сызу конкурсында жеңгенін мәлімдеген болатын. Алайда, қала тұрғындары таңбалардың бұдан былай айқын аңғарылмайтындығына шағымданған және ол алғашқы жаңбырдан кейін-ақ бозарып көрінбей қалған...
- Сапасыз жол жұмыстарына жұмсалған қаражат қала бюджетіне қайтарылады. Біз жол полициясымен бірігіп жүргізілген жұмыстарды анықтап, акт дайындадық. Биыл біз қала жолдарына жаңашылдық енгізіп, жаяу жүргіншілер өткелдерінде ақ-сары таңбаларды қолданған едік. Бұл әдемі көрінеді, бірақ қазір, өкінішке қарай, нашар көрініп тұр. Кеше біз компанияның өкілдерімен кездесіп, оларға нақты міндет қойдық. Жұмыстарын сапалы етіп жасайтын болады, жасамаса, келісімшарттық қатынастарды тоқтатуға дейін шаралар қабылдаймыз – дейді Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі жетекшісінің міндетін атқарушы Нұрлан Серғазинов.