KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 2 м/с, СШ
497.26 525.21 4.97

Қазақстанда күнкөріс минимумына интернет шығынын қосып есептеу ұсынылды

7.06.2019, 05:18 87

Ұлттық экономика министрлігі күнкөріс минимумына интернетті қосып есептеуді ұсынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Күнкөріс минимумының сомасы жоғарылауы мүмкін, әсіресе, мүгедектігі бар азаматтар үшін. Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов бекітілген көрсеткішті өзгерту мәселесі қаралып жатқанын айтты.

Сондай-ақ, минималды тізімге қатысты да өзгерістер болады деп жоспарлануда.

Министрдің айтуынша, қазір ғаламтор желісі әр адамның ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан, азық-түлік және коммуналдық қызмет төлемдерімен бірге интернет те шығындар қатарына енгуі мүмкін.

Айта кетсек, бүгінгі таңда Қазақстандағы күнкөріс минимумының мөлшері  30 мың теңгеден төмен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу