Мапруза Утуленова: "Жалпыхалықтық референдум – ел өміріндегі оң өзгерістер"
Әміре Қашаубаев атындағы Мемлекеттік филармонияның әншісі, Қазақстанның Халық әртісі Мапруза Утуленова референдумға белсене қатысуға шақырды.
«Референдумда Конституцияға көптеген түзетулер мен толықтырулар енгізіледі. Халқымыздың әл-ауқатының артуы бұл өзгерістерге тікелей байланысты. Сондықтан мемлекеттік маңызы бар бұл саяси оқиғаға атүсті қарауға болмайды әрі халықтың таңдауынсыз бұл жерде ештеңе шешілмек емес. Баршаңызды референдумға белсенді қатысуға шақырамын. Қазақстанның болашағы әрбір отбасының, балаларымыздың және немерелеріміздің болашағы, – дейді Мапруза Утуленова.