KZ
Өскемен
-6°
туман жел 2 м/с, СБ
502.47 525.83 5.68

Марқакөлдегі заманауи спорт кешені қарашада пайдалануға беріледі

23.09.2022, 11:54 178

Ұрынхай ауылының оқушылар екінші тоқсанды жаңа мектептен оқитын болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов Марқакөл ауылына барған жұмыс сапарында айтты.

Баршамызға белгілі, Марқакөл шекара маңы аумақтарын дамыту бағдарламасына кіреді. Қазіргі уақытта оған ерекше көңіл бөлініп жатыр.

Мәселен, Ұрынхай ауылындағы мектептің құрылысы жақын арада аяқталмақ. Оқушылар екінші тоқсаннан бастап жаңа мектепке көшіріледі.

-        Сондай-ақ қараша айының соңына қарай Марқакөл ауылында заманауи спорттық құрал-жабдықтары бар дене шынықтыру-спорт кешені пайдалануға беріледі деп жоспарлап отырмыз. Осылайша, аудан әкімі тұрғындармен бірлесіп, кезең-кезеңімен шешілетін басым міндеттер мен проблемалармен жоспар құруы тиіс, - дейді аймақ басшысы.

Сонымен қатар облыс әкімі үш жыл ішінде Марқакөлдің жолдарын жөндеу үшін 305 миллион қаражат бөлінгенін айтады. Ол жұмыстары осымен оқтап қалмайды, алдағы уақытта да жалғаса бермек. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу