Марқакөлде дәрігерлерге екі үй салынады

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Марқакөл ауылына барып, ондағы тұрғындармен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Кездесу барысында аймақ басшысы шекара маңындағы ауылдарға ерекше көңіл бөлінетін атап өтті.
– Тұрғындар үшін «Қазақстан халқына» қорынан ауыл мектептеріне заманауи жабдықтар сатып алуға қаражат бөлінгені өте маңызды. Марқакөл шекара маңы аумақтарын дамыту бағдарламасына кіреді және бұл ауылға ерекше көңіл бөлінеді. Осылайша, аудан әкімі тұрғындармен бірлесіп, кезең-кезеңімен шешілетін басым міндеттер мен проблемалармен жоспар құруы тиіс. Қазірдің өзінде Ұрынхай ауылындағы мектептің құрылысы аяқталуда және екінші тоқсаннан бастап оқушылар жаңа мектепте көшіріледі, – деді Даниал Ахметов.
Әкімнің айтуынша, қараша айының соңына қарай Марқакөл ауылында заманауи спорттық құрал-жабдықтары бар денешынықтыру-спорт кешені пайдалануға беріледі.
– Ал жергілікті аурухана медициналық техникамен жабдықталған, жақын арада біз кадр мәселесін шешеміз. Мен дәрігерлер үшін Марқакөл ауылында екі үй салуды тапсырдым, – деді өңір басшысы.
Оның айтуынша, үш жыл ішінде мұндағы жолдарды жөндеуге 305 миллион қаражат бөлінген және бұл жұмыс жалғасады.
– Ауыл тұрғындары арасында туризмді дамыту танымал екені қуантады, көбісі қонақ үйлер салуда. Өз тарапымыздан осындай бизнесті ашуға гранттар бөлуге дайынбыз. Шекара маңындағы аумақтарды дамыту бағдарламасы адамдардың ауылдардан кетпеуіне, керісінше, онда жұмыс пен мүмкіндіктер бар екенін білуіне бағытталғанын атап өткім келеді, – деді ШҚО әкімі.
Өңір басшысы таяуда Марқакөл ауылына жақын жерде ірі өрт болғанын, қызметтер мен тұрғындардың ұйымшылдығының арқасында өрт жедел сөндірілгенін айтып өтті.