KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 2 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

Күмбезі шыныдан. Семейде ерекше мешіт салынып жатыр

15.04.2019, 03:14 209

      Семей ақпараттық орталығының мәліметінше, жаңа мешіттің құрылысы белсенді жүргізілуде. Демалыс күндері құрылыс алаңында болған қала әкімі Ермак Сәлімов  коммуналдық мекемелерге , мешітке қажетті барлық инженерлік коммуникацияларды ұсыну мәселесін жақын арада шешуді тапсырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

     Құрылыс компаниясының өкілі Тұрсын Тастекеев қала әкіміне ғимаратқа шыны күмбез орнатылатынын айтты.

       - Бұл Күмбез мешіттің іші жарық болуына мүмкіндік береді , - деді Т. Тастекеев. - Алматыда осындай құрылымдарды шығаратын зауыт бар. Қазір біз келіссөздер жүргізудеміз.

       Жоба бойынша 2700-3000 адамға есептелген мешіт мұнарасының биіктігі 37 метрді құрайды. Ғимараттың төменгі қабаттында қатымхана орналасып, мешіт алдында 700 көлікке арналған автотұрақ салынатын болады . Сондай-ақ жаяу жүргіншілерге арналған арнайы көпірлер бой көтереді.

      Жоспар бойынша нысан 2020 жылдың жазында пайдалануға беріледі. Мешіттің құрылысы 2008 жылы басталып , әр түрлі себептермен соңын дейін жетпеген болатын. Тәстекеевтер әулетіне тиесілі құрылыс компаниясы жеке қаражаттарын игі іске жұмсап, құрылыс жұмыстарының қайта жандануына мұрындық болып отыр, деп хабарлады ақпараттық орталық мамандары.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив