KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

420 мың теңгемен-ақ Еуропаның бес елін аралап шығуға болады екен

12.04.2019, 03:21 133

Журналист Руслан Меделбек өзінің Фейсбуктегі парақшасына 420 мың теңгемен (шамамен 1000 еуроға) қалай Еуропаның бес елін аралауға болатынын жазады.

- Негізгі шарт - сапарға үш ай бұрын дайындалу керек. Сонда билет бағасы арзан болады. Бес елді аралау үшін кем дегенде 15 күн керек, дейді ол.

Мысалы, бүгін үш-төрт айдан кейін, яғни тамызда 15 күндік Еуротур жасаймын деп шештіңіз делік. Енді шығынды есептейік:

*Виза мен сақтандыру - 40 мың теңге.

*Алматы-Стамбул-Прага ұшақ билеті - 140 мың теңге. Жолай Стамбулға бір күн қалып, аралауға болады.

*Прага - Амстердам - Париж - Рим не Венеция - Прага low cost ұшақ билетінің құны үш ай бұрын алсаңыз - 70 мың теңге. Саяхатқа арқаға асатын бір рюкзакпен келу керексіз. Артық жүк - артық ақша.

*15 күнге түрлі хостелдерден 4000  теңгеге жатар орын табуға болады. Шамамен 60 мың хостелге кетеді.

*15 күн бойы супермаркеттен/арзан орындардан тамақтанып, ақша үнемдеуге болады. Ол кезде азыққа шамамен 50 мың теңге кетеді.

*Қала ішінде қоғамдық көлікке/әуежайдан қалаға жету үшін билетке 15 күнге асып кетсе 60 мың теңге кетеді. Жазда күн жылы, қаланың көбін жаяу аралауға болады.

Енді есептейік: 40+140+70+60+50+60 = 420 мың теңге. 


Саяхатта музей, көрмелерге кірмейміз, тек walking tour. 

Түркия - Чехия - Нидерланд - Франция - Италия сапары = 420 мың теңге.

Ай сайын айлығыңыздан 35 мың теңгені банкке салып отырыңыз. Бір жылда 420 мың теңге жиналады.

Нидерланды, Франция, Италия Еуропадағы қымбат елдер саналады. Ал бір-біріне жақын орналасқан Чехия, Австрия, Германия, Польша, Венгрия сынды елдерді аралаймын десеңіз 350 мың теңге жеткілікті.

Виза жағынан кеңес керек болса, кемектесе аламын.

Сапарыңыз сәтті болсын!

Руслан Меделбектің  Фейсбук  парақшасынан

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив