KZ
Өскемен
+27°
небольшой дождь жел 1 м/с, С
471.46 504.79 5.53

Көркем гимнастикадан ШҚО құрамасы Ақтаудан олжалы оралды

19.03.2019, 09:09 126

Жерлестеріміз көркем гимнастикадан Ақтау қаласында өткен Қазақстан кубогы үшін жарыстан олжалы оралды.

 

Республикамыздың түкпір-түкпірінен жиналған кіл мықтылар бәсекесіне облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тоғыз тәрбиеленушісі қатысқан болатын. Гимнастар жас ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлініп өнер көрсетті. Дода үш кезеңнен, атап айтқанда, көпсайыс, топтық және командалық жарыстан тұрды.

 

Алты күнге созылған турнир қорытындысы бойынша шығысқазақстандық спортшылар екі жүлдеге иелік етті. Атап айтсақ, 2003 жылы туған және одан үлкен гимнастар бәсекесінде (таспамен жаттығу) Әсима Әлисұлтанова екінші орыннан көрінсе, жеке бағдарлама бойынша өткен командалық біріншілікте Рената Жолдинова, Дарья Бронникова мен Әсима Әлисұлтанова үштігі үшінші орынды жеңіп алды.

 

Естеріңізге салайық, осыдан біраз бұрын жерлестеріміз «Шығыс сымбаты» деп аталатын байрақты бәсекеде де жемісті өнер көрсеткен-ді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив