KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 2 м/с, Ю
441.58 480 4.86

Шығыстың татами шеберлері олжалы оралды

24.04.2018, 16:01 203

Шығысқазақстандық жас татами шеберлері Алматыдан олжалы оралды. Қазақстан дзюдо федерациясының құрметті президенті Бекет Махмұтовтың жүлдесі сарапқа салынған Азия кубогы жарысында жерлестеріміз алты жүлдені қанжығаларына байлады.


Аталмыш жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Оңтүстік Корея елдері атынан 200-ге жуық спортшы қатысқан болатын. Дүбірлі додада Қазақстан құрамасының өзге өкілдері сияқты біздің дзюдошылар да тамаша өнер көрсетіп, алты жүлдеге ие болды. Әсіресе, 78 келіге дейінгі қыздар бәсекесінде алтын жүлде иегері атанған Назерке Тілеуханованың жетістігін атап өткен орынды.


Тағы бес дзюдошымыз, атап айтсақ, Қуаныш Ратаев (81 келі), Айдар Хасенов (90 келі), Ілияс Қалидолда (100 келіден жоғары салмақ), Еркежан Махмұдова (44 келі) мен Әнел Наурызбаева (78 келіден жоғары салмақ) жарыстың қола жүлдегері атанды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив