KZ
Өскемен
+20°
небольшая облачность жел 3 м/с, З
478.96 533.03 5.22

ШҚО-да жоғалып кеткен жасөспірім қыз аман-есен табылды

13.03.2019, 11:34 164

 

ШҚО-да екі-үш күн бұрын жоғалып кеткен жасөспірім қыз табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Естеріңізге саламыз, бұған дейін Глубокое ауданы Быструха ауылында тұратын Мөлдір есімді 15 жастағы қыз баланың үйден шығып, із-түссіз кеткенін жазған едік.

 

Мөлдірдің әпкесі Дана Батырхан редакцияға хабарласып, «сүйіншілеген» жаңалықты жеткізді. Көзайым болған отбасы іздеу салып, хабар таратуда қал-қадірінше көмек көрсеткен өңірлік ақпарат құралдарына ризашылығын білдірді.

 

Әпкесінің айтуынша, Мөлдір құрбысының үйінде болған. Аяқ асты сим-картасы істен шығып, ұялы телефонының қуаты таусылып қалыпты. Жақындарының номерін жатқа білмегендіктен, бір күн бойы хабарласа алмаған көрінеді. Жеткіншек келесі күні жұрттың жар салып, іздестіріп жатқанын естіген. Үйдегілер ұрсады деген үрей билеп, хабарсыз жата беруді жөн көрсе керек. Соңғы сәтте ғана амалын тауып, әпкесіне қоңырау шалған екен. 

 

- Қазір үйде... Қал-жағдайы жақсы. Бәріміз қуаныштымыз - дейді әпкесі Дана Батырхан. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив