KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
471.83 505.66 5.4

«Аltay athletics» клубының оқу-жаттығу жиындары Кенияда өтіп жатыр

12.03.2019, 10:40 150

«Аltay athletics» клубының спортшылары алдағы байрақты бәсекелерге Кенияда дайындалуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Итен қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындарына Гүлжанат Жанатбек, Нора Джеруто, Каролин Кипкируи, Дэйзи Джипкемей, Шэдрак Коэч пен клубтың жаңа мүшесі Жанна Мамажанова қатысуда.


Сондай-ақ теңіз деңгейінен 2 400 метр биіктікте орналасқан шаһардағы жаттығу лагерінде дәл қазір Қазақстан ұлттық құрамасының тағы бір мүшесі Дана Гусарова мен оның бас бапкері Михаил Сорокивский де жүр.


Айта кетейік, жаттығуға қатысып жатқан өскемендік клуб өкілдерінің бірі Каролин Кипкируи алдағы жұма (15 наурыз) күні Бахрейнде өтетін жартылай марафонда бақ сынамақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив