KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 1,1 м/с, В
440.9 475.95 4.82

"Ары қарай қайда кеткенін білмейміз". Полторанин Мәскеуге ұшып кетті

5.03.2019, 04:20 144

Шаңғышы Алексей Полторанин Мәскеуге ұшып кетіпті. Ол Австриядағы әлем чемпионатында допинг қолданғаны үшін айыпты деп танылған болатын, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Қазинформ сайтына сілтеме беріп. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

 

– Полторанин 28 ақпанда тұтқыннан босағаннан кейін Мюнхен арқылы Мәскеуге ұшып кетіпті.Ары қарай қайда кеткенін білмейміз. Біздің дипломатпен сөйлесуден бас тартты. Десе де оның дәл қазір қандай мекенжайда екенін білмейміз, – деді баспасөз Айбек Смадияров.. Оның айтысынша, тұтқында спортшының құқығы бұзылмапты.

 

Естеріңізде болса, 27 ақпанда спортшыны дауға байланысты австриялық полицейлер тұтқынға алған болатын.

 

– Біздің Мюнхендегі елші спортшыны Мәскеуге шығарып салған. Бірақ Мәскеуден оны ешкім күтіп алмаған. Бұл енді Сыртқы істер министрлігінің құзыретінен тыыс жағдай. Спортшы қазір өзіне ыңғайлы жерге барып алған секілді, – дейді өкіл.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив