KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность Штиль
480.11 532.25 5.14

Допинг дауы: Полторанин қамаудан шықты. Жарысты жалғастыра ала ма?

1.03.2019, 04:06 155

27 ақпан күні жарыс басталуға бір жарым сағат қалғанда қамауға алынған қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин босап шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Бұл туралы «Қазақстан Шаңғы спорт түрлері федерациясының» баспасөз қызметі мәлімдеді.

 

– Қазір біздің спортшымыз Зеефельд қаласында. Алексей физикалық тұрғыда өзін жақсы сезінеді. Бұдан әрі жарыс жолына шығу-шықпауы кейінірек, оқиғаның мән-жайы анықталғаннан кейін, белгілі болады. Дәл қазір осы бір қорқынышты түстей болған екі күннің артта қалғанына қуаныштымыз, – дейді федерацияның баспасөз хатшысы Самал Наурызова.

 

Сондай-ақ «Қазақстан Шаңғы спорт түрлері федерациясы» австриялық Kurier басылымының «Алексей Полторанин допинг қабылдағанын мойындап, полицияға түсініктеме берді» деген ақпаратын жоққа шығарды.

 

– Алексей ресми түрде ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Бұның барлығы ойдан шығарылған дүниелер, – деді Самал Наурызова.

 

Естеріңізге сала кетейік, 27 ақпанда австриялық құқық қорғау органдары допингке қарсы ережелерді бұзу туралы халықаралық тергеу шеңберінде қазақстандық шаңғышыны ешқандай түсіндірусіз қамауға алған болатын.

 

Оразай Жеңісұлы

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив