KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность Штиль
480.11 532.25 5.14

«Ешқашан допинг қабылдаған емеспін». Полторанин үнсіздікті үзді

6.03.2019, 04:33 175

 

Алексей Полторанин ақыры бір аптаға созылған үнсіздікті үзіп, допинг дауына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі 31 арнаға сілтеме жасап.

 

Арнаның ақпаратына сүйенсек, қазақстандық шаңғышы ешқашан допинг қабылдамағанын мәлімдеген. Бірақ халықтан кешірім сұрады...

 

– Өмірде ешқашан допинг қабылдап көргем жоқ. Әлем чемпионатында ғана тыйым салынған әдісті қолдануға бір сәт аздаған әуестігім болды. Бірақ менің қуанышыма орай, құдайға шүкір, ол қадамға бармадым. Мен елімізге жеңіс сыйлап, жанкүйерлерді қуантқым келді. Болған жайтқа қатты өкінемін және барлық спортшылардан, жанкүйерлерден, ел басшылығы мен халықтан кешірім сұраймын, – деді А.Полторанин.

 

Айта кетуіміз керек, австриялық БАҚ мәліметіне сәйкес, аталмыш жанжал қарсаңында Германияда спорт докторы Марк Шмидт ұсталды. Тергеушілер оның үйіннен 40 пакет мұздатылған қан тапқан. Енді сараптама арқылы бұл қанның қай спортшыға тиесілі екенін оп-оңай анықтауға болады.

 

Мюнхен прокуратурасы қан құюдың бір процедурасы 8-ден 15 мың еуроға дейін тұрғанын анықтапты.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив