KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 1 м/с, С
481.19 538.45 5.18

ШҚО-да 452 баланың тілегі орындалды

4.03.2019, 10:50 180

 

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік қолдау көрсетіліп, қайырымдылық шаралары жүзеге асырылды.

 

Облыста тоғызыншы ақпаннан бастап «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы өткізіліп келеді. Акцияның басты мақсаты ерекше білім беру қажеттілігі бар, ата - анасы мүгедек, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларының тілектерін орындау арқылы әрбір азаматты қайырымдылық іске тарту.

 

Бүлдіршіндердің періште жүректерін жарып шыққан арман - тілектер мейірімді жандардың жүректеріне жетті. ‒ Бүгінгі күні облыс бойынша 749 баланың өтініші қабылданып, нәтижесінде 452 баланың тілегі орындалды. Балалардың көбі кеңсе тауарлары, спорттық және сырт киім, аяқ киім, кітаптар, дамытушы ойындар мен ойыншықтарға өтініш білдірген. Тіпті, хаттардың ішінде шаңғы, коньки сияқты спорттық құралдар мен телефонға арналған сымсыз зарядтау жабдығы, сымсыз құлаққап тілеген балалардың өтініштері де бар. Балалардың тілектері екі - үш күннің аралығында қарастырылып, орындалады. Осындай игі шараға атсалысып, көмек қолын созған барша қайырымды азаматтарға алғыс білдіреміз, - дейді Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Сайрангүл Ахметкаримовна.

 

Аталмыш акцияның барлық талаптары білім басқармасының Tylek kz. сайтында көрсетілген. Сайттың арнайы парақшасынан өңірдің түкпір - түкпірінен келіп түскен оқушылардың хаттарын көруге болады. Көп балалы отбасынан шыққан оқу озаты 4 - сынып оқушысы Алмаз отбасының жалғыз қамқоршысы анасына болысу үшін сабағын жақсы оқитының жазып, жаңа етік сұраған. Ал, Бағжан есімді 3 - сынып оқушысы өз арманындағы спорттық киімнің суретін салып, қиялына ой жүгірткен. Ақылды балақайлардың тілегі демеушілерден қолдау тауып, бірден орындалған. Балалардың демеушілерге алғысы шексіз.

 

«Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясының аясында қалалар мен аудандардың білім бөлімдері балалардың өтініштерін бірінші маусымға дейін қарастырып, жүзеге асырмақ ниетте. Балаларды қорғау күні акцияның қорытындысы шығарылып, барлық демеушілер алғыс хаттармен марапатталмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив