KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 9 м/с, ОБ
492.22 529.38 5.03

Өскеменнің балалары бұзылған газгольдердің ішінде ойнап жүр

4.03.2019, 05:19 111

Өскемен әкімі Шәкәрім мен Гоголь көшесіндегі үйлердің тұрғындарының шағымын тыңдап қайтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

«Баяғы жартас – сол жартас» дегендей, тұрғындардың жыры – баяғы жыр: жолдың ой-шұңқырына су толғанда аяқ алып жүре алмайсыз; ал ол сонымен ғана шектелсе қане, асып үйге қарай ағады; ауладағы қоқыс контейнерлерінің ойын алаңынан аулақ болуы және істемейтін газгольдердің жағымсыз иісі.

 

– Сегіз жылдан асты Красназнаменная көшесінің жөндеу көрмегеніне. Көктемде көлкіп жатады. Қар суына жаңбыр қосылғанда, жол жиегінен асып үйге қарай төгіледі. Бірінші қабат дым тартады. Енді бір мәселе ауладағы газгольдердің жайы. Бұл істемейді. Ауаға пропан иісін бөледі. Жүріңізші таяп көріңіз. Оның зиянын ойын балалары ұқпайды ғой, ішіне кіріп алып ойнайды, – деді қала басшысын аулаға бастап барған Гоголь-Красназнаменная көшелерінің қиылысындағы үйдің тұрғыны Алена Честякова.

 

Алена бастаған тұрғындардың тілегі – газгольдердің орнына футбол алаңының салынуы.

 

– Иә, жағымсыз иісті осы жерде тұрып-ақ сезіп тұрмын. Арызыңыз орынды. Биыл «Менің аулам» атты акция жүргізіледі. Оның аясында осы аралап келе жатқан үйлердің қайсында бала көп болса, соның ауласына ойын алаңын салып береміз. Шама жетсе, футбол алаңын салуға тырысамыз. Басқа да айтылған мәселелерді шешеміз, – деп жауап берді Жақсылық Омар.

 

Осы ретте қала әкімі «Жылда аталған жәйттарға миллиондап қаражат бөлеміз, бірақ неге тұрғындардың алғысын алмай, шағымын тыңдаймыз» деп, қызметкерлеріне ұрсып та алды.

 

Әкімнің бұл көргені – мәселенің шеті ғана екені жасырын емес. Дәл қазір шаһардағы үйлердің түгелдей дерлігінің ауласы көлкіп жатқаны белгілі. Біраз күнде ол мибатпаққа айналады. Әлбетте, басшының қызметкерлеріне қатты айтқаны дұрыс қой. Ал тапсырылған істі қатаң бақылауда ұстау – бәрінен де дұрыс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив