ШҚО-да бүлдіршіндер балабақшамен толық қамтылған

ШҚО-да білім беру саласын сапалы және қолжетімді ету үшін ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Қазір өңірде 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамтылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
2025 жылға дейін облыста "Қолайлы мектеп" ұлттық жобасы бойынша 20 жаңа мектеп салу жоспарланған.
Сондай-ақ көптілді білім беруді дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Биыл орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру басымдыққа ие болды. 400 мұғалім курстық дайындықтан өтті. Ауызекі қазақ тілінің деңгейін арттыру үшін тілдік ортаға толық еніп, ана тілінде сөйлейтіндердің отбасыларында тұратын жазғы тақырыптық лагерьлер ұйымдастыру жоспарлануда.
Талапкерлер үшін облыстың жоғары оқу орындары мен колледждеріне түсу мүмкіндіктері кеңейтілуде. Жыл сайын гранттар саны облыстық бюджет есебінен 10 пайызға артады.
Оқушылар облыстың спорттық және мәдени іс-шараларына белсенді қатысады. 4000-ға жуық бала тегін спорт секцияларына қатысады. Осы жылдың сәуір айында аймақта үстел теннисі орталығы іске қосылған.