Жол жабылатыны туралы ескертуді елемейтіндер жауапқа тартылуы мүмкін

Ағымдағы жылы қазан айынан бастап қолайсыз ауа райын байланысты Республикалық маңызы бар тас жолдарда 150-ден астам көлік қозғалысына шектеу қойылып, 232 көлік пен 563 адамға көмек көрсетілген.
Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін Автомобиль жолдары комитеті көлік жүргізушілеріне тұрақты негізде дауыл туралы хабарламаларды жіберіп, алыс сапарларға шықпауға кеңес бергенімен, бұған немқұрайлы танытқан көптеген адам қар құрсауында қалып жатады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Осы ретте биылдан бастап ауа райының қолайсыздығына қатысты көлік қозғалысын шектеу жөніндегі хабарламаны ескермеген тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік қарастырылмақ. Тиісті өзгеріс Үкіметтің «Жолдардағы көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына енгізілді.