KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 8 м/с, СБ
442.05 474.14 4.74

Семейде 5 жасар бала екі інісін өрттен құтқарып қалды

6.01.2023, 19:10 482 Мадина Амангелдіқызы
Семейде 5 жасар бала екі інісін өрттен құтқарып қалды.
Семей қаласында 5 жасар бала "112" қызметіне қоңырау шалып, екі інісін өрттен құтқарды, деп хабарлайды Altaynews.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 5 қаңтарда сағат 16:58-де "112" пультіне 5 жасар бала хабарласып, жер үйде өрттің иісін сезгенін айтқан.
Оқиға орнына дереу құтқарушылар бригадасы жеткен. Полиция мен жедел жәрдемге де хабар берілген. Ал диспетчер бейнебайланыс арқылы баламен сөйлесіп, жағдайды бақылап отырған. Терезе ашуға кеңес берген.
Құтқарушылар келген бойда өрттің иісін сезген. Балаларды сырттан жауып кеткен. Мамандар арнайы құралдармен құлыпты бұзып, балаларды жедел медициналық жәрдемге тапсырды.
Бүлдіршіндер балалар ауруханасына жеткізіліп, сол жерде газдан жеңіл улану диагнозы қойылды. Қазір алалардың жағдайы жақсы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив