Елімізде кейбір су қоймаларының пайдалануға берілгеніне 70 жылдан асып кеткен

Елімізде пайдалануға берілгеніне 70 жылдан асқан су қоймасы бар болып шықты.
Заң бойынша су қоймалары 25 жылға берілуі керек. Ал, елімізде қолдану мерзімі өтіп кеткен су қоймалары бар болып шықты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
- Еліміздегі су қоймаларының арасында 25 жылдан асып кеткендері де бар. Дегенмен жыл сайын бассейн инспекциясы, Төтенше жағдайлар министрлігі және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп су қоймаларының жағдайы тексеріледі. Қауіп, күмән туындаған жағдайда арнайы сертификаты бар мекемені тартып, істің мән-жайы анықталады, олар бізге қорытынды беред,- деді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі су ресурстары комитеті төрағасының міндетін атқарушы Досбол Бекмағамбетов «Қазгидромет» мекемесінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, одан әрі мәселе министрлік деңгейінде қаралып, қажет жағдайда бюджеттен қосымша қаржы сұралады.
Оқи отырыңыз