Өскемен: бүгін бірнеше бағдаршам жұмыс істемейді

Облыс орталығында бірнеше бағдаршам өшті.
Жол қозғалысын реттеуші құрылғылар кешке дейін жұмыс істемейді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қаланың ТҮКШ бөлімінің мәлімдеуінше, 31 қаңтар күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін АЭК электр қуатын жоспарлы түрде өшіреді. Осыған байланысты мына учаскелерде бағдаршам жұмысы уақытша тоқтайты:
Новаторов көшесі – Қабанбай батыр көшесі;
Қабанбай батыр көшесі – «Еуразия» СҮ;
Толстой көшесі - Инноваторов көшесі.
Шәкәрім даңғылы мен Красин көшесінің қиылысы.
Оқи отырыңыз