Теннис орталығында жоғары деңгейдегі жарыстар өткізіліп жүр - Өскемен
Өскеменде шамамен бір жыл бұрын ірі спорт нысаны ашылды – үстел теннисі орталығы. Бұл спорт бағытын дамыту бойынша үлкен жоспарлар осы алаңмен байланысты болды.
Өскемендегі үстел теннисі орталығында қазір 400-ден астам адам жаттығады. Орталық жоғары деңгейдегі жарыстар үшін толыққанды алаңға айналды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қала әкімі Жақсылық Омардың айтуынша, осы уақыт аралығында көп нәрсеге қол жеткізілді.
Сондай-ақ ол биылдан бастап орталық базасында жоғары дәрежелі қазақстандық және шетелдік жаттықтырушыларды тарта отырып, облыстық команданың жиындарын тұрақты түрде өткізу деген жоспарларымен бөлісті.