ШҚО-да тасжолдардың бірінде көлік қозғалысы шектелді
Шығыс Қазақстан облысында тасжолдардың бірінде көлік қозғалысы шектелді.
Бұған күн райының бұзылуы себеп болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«7 наурыз сағат 20.00-ден бастап республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тасжолының учаскесінде (6-166 км, Ушанов ауылы-Алтай қаласы) тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктері мен жолаушылар автобусының қозғалысы шектелді», - деп жазылған «ҚазАвтоЖол» АҚ ШҚ филиалының хабарламасында.
Оқи отырыңыз