KZ
Өскемен
+1°
туман жел 3 м/с, СШ
504.34 556.34 5.97

Fly Arystan әуе компаниясының билеттері арзандауы мүмкін

5.04.2023, 19:14 302

Fly Arystan Air Astana әуе компаниясынан бөлініп шыққанда билет бағасы арзандауы мүмкін.

Қазақстандағы FlyArystan әуе компаниясы 2024 жылы жеке бөлініп шықпақ, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Бекітілген кезеңдік жоспарға сәйкес, 2024 жылы «Эйр Астана» АҚ-дан жеке заңды тұлға ретінде Fly Arystan құрылымдық бөлімшесінің бөлінуі ескеріліп отыр. Бұл қадам бәсекелестік ортаны дамытуға, нарық субъектілері арасындағы бәсеке арқылы әуе билеті құнын төмендетуге оң әсер етеді, – деп атап өтті Алмаз Ыдырысов.

FlyArystan – алғашқы қазақстандық лоукостер әуе компаниясы және Air Astana ұлттық тасымалдаушысының құрылымдық бөлімшесі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу