KZ
Өскемен
-8°
небольшая облачность Штиль
497.26 525.21 4.97

ШҚО-да биыл 242 шақырым жол жөнделеді

28.04.2023, 11:23 352 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да ағымдағы жылы 242 шақырым жол жөнделмек. Аталмыш мақсатта жеті миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.

Бұл туралы ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаев мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Алмасхан Сматлаевтың айтуынша, 10 шілдеге дейін елді мекендердің барлық көшелерінде шұңқырларды жөндеу жұмыстары толықтай аяқталуы тиіс.

– Тарханка мен Черемшанка арқылы өтетін жолды зерттейтін арнайы топ құрылған болатын. Қазір аталмыш учаскедегі жол салу жобасына сараптама басталды. Жол жөндеу жұмыстарының сапасы тұрақты бақылауда, – деді ол.

Сондай-ақ биыл Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салу жобасын қосымша қаржыландыру жүргізіледі. Қазіргі уақытта жеті тірек орнатылды. Ал көпірге барар жолдың 18 шақырымында барлық жұмыстар толықтай аяқталған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алтай және Риддер қалаларында «Сергек» бейнебақылау камералары орнатылатынын жазған болатынбыз. Аталмыш жүйе арқылы облыс орталығында құқық бұзушылықтар мен қылмыс саны едәуір азайған болатын. Биыл Алтайда 154, Риддер қаласында 249 камера орнатылмақ.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу