KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 2 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Катонқарағайдың туристік әлеуетін арттырса, мемлекет ұтылмасы анық – Әлібек Қаңтарбаев

21.06.2023, 19:14 261 Ләззат Қанатқызы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 17 маусым күні Ұлттық құрылтайдың негізгі отырысында Катонқарағай және Марқакөл аудандарын қалпына келтіру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген болатын.

Мемлекет басшысының мәлімдемесіне қатысты Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры, жазушы-публицист Әлібек Қаңтарбаев өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Күні кеше төр Алтай жұрты бөркін аспанға атып қуанды. Өйткені ондағы жұрттың өлгені тірілмесе де, өшкені жанды деуге болды. Сонау 1997 жылы саяси жүйенің қате қадамынан жабылып қалған Катонқарағай ауданының қайта құрылатыны туралы сүйіншілі жаңалықты кезекті Ұлттық құрылтайда Президент жеткізді. Бұл Жаңа Қазақстанның ұтымды шешімдерінің бірі болды.
Әрине, әр істі бастауға дайындық керек. Кезінде бос қалған екі қабатты үйлерді қайта жөндеп, қажетті мамандарға беруге болады. Осылай, тез арада ауданға жас мамандарды тартуға мүмкіндік бар.
Төр Алтайдың тетігі – туризм. Сондықтан дайын тұрған нысандарды жөндеп, қонақ үйге айналдыру қажет. Жергілікті жұрт туризм тетігі арқылы нәпақа табатындай мүмкіндіктер жасаса деп ойлаймын. Жолы сайрап, қонақ үйі жайнап тұрса, Алтайдың тамаша табиғатын көруге ағылатын жұрттың қатары аз болмас еді. Катонқарағайдың туристік әлеуетін арттырса, жергілікті халық та, мемлекет те ұтылымасы анық. Өйткені аудан халқы шекара шебін шегендеп, бай табиғатымызды, салт-дәстүрімізді басқаларға дәріптеп отырмақ.
Ендігі кезекте биліктегі азаматтар Президент тапсырмасына орай ұтымды жұмыс істеп, ауданның қайта түлеуіне атсалысса болғаны. Халық қуанышы ұзағынан болсын! – деді ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив