Прапорщиково ауылының атауы өзгере ме?
Әлеуметтік желіден алынған сурет
Жергілікті белсенді топ Глубокое ауданына қарасты Прапорщиково ауылының атын өзгерту туралы ұсыныстарын кері қайтарып алды.
22 маусым күні бастамашыл топ Прапорщиково ауылының атын «Бидай қала» деп өзгертуге ұсыныс жасаған болатын, деп хабарлайды Altaynews тілшісі
Аудан әкімдігі аталған мәселеге қатысты Прапорщиково ауылында 2 шілде күні жиналыс өтетіндігін мәлімдеген.
– Барлық тұрғындар өз пікірін айтады және бәрінің пікірі ескеріледі, – деді аудан әкімдігі.
Бірақ 29 маусымда Ертіс ауылдық округінің әкімдігі жиын болмайтынын мәлімдеді.
– Жергілікті белсенділер өз ұсыныстарынан бас тартып, іс-шараны өткізбеу туралы өтініш жасады. Қазіргі уақытта ауылдың атын өзгерту туралы мәселе жабылды, – дейді Ертіс ауылдық округінің әкімдігі.
Оқи отырыңыз