Өскеменде ауа нашарлайды
Фото: newtimes.kz
3 шілде күні ел аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай болады. Дегенмен төрт қалада ауа сапасы төмендейді.
Бұлардың қатарында Өскемен және Риддер бар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Тек Алматы, Өскемен, Риддер, Ақтау қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды», – деп жазылған «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.