KZ
Өскемен
-9°
ясно Штиль
495.95 524.37 4.98

Бұқаралық спортқа бөлінген миллиондар: 21 іс тергеліп жатыр

Сурет: umihelp.com

4.07.2023, 09:56 224 Оразай Жеңісұлы

Қаржылық мониторинг агенттігі денешынықтыру және спорт саласын дамытуға бөлінген мемлекет қаржысының ұрлануының алдын алу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

“Спорттық-сауықтыру іс-шараларының, нысандардың, құрама командалардың, бұқаралық спорттық іс-шаралардың, федерациялардың рейтингісі мен қауіптері көрсетілген тізбесі қалыптастырылды. Сондай-ақ саланы қаржыландырудың жолдары мен көлемі, оның ішінде демеушілік көмек көлемін анықтау бағытында жұмыстар жүргізілуде”, – деді ведомство.

Агенттік ақпаратынша, 2023 жылдың 6 айында жалпы сомасы 269,3 млн теңге залалы бар 21 іс тергеліп жатыр.

Ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сәйкес, 2019-2023 жылдар аралығында спортты дамытуға шамамен 300 млрд теңге бөлінген. Мамандар тауарлар мен қызметтерді жоғарылатылған бағамен сатып алу, қызмет көрсетудің нақты орындалмауы және басқа да бұзушылықтар бойынша талдау жүргізбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу