ШҚО-да жыл басынан бері 22,1 тонна құс еті өндірілді
Фото: thepoultrysite.com
Биыл қаңтар-маусымда 70,7 мың тонна жаңа сойылған немесе салқындатылған құс еті өндірілді.
Бұл бір жыл бұрынғыдан 27,1 пайызға артық, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Energyprom деректеріне сілтеме жасап.
Мұнымен қатар 63,2 мың тонна мұздатылған құс еті өндірілді, бұл бір жыл бұрынғы мерзімнен 1,8% аз.
Жаңа сойылған құс етін өндіруден көшбасшылар:
Ақмола облысы – 27,7 мың тонна (бір жылда 30,2% өскен);
Шығыс Қазақстан облысы;
Алматы облысы.
Мұздатылған құс етін өндіруден көшбасшылар:
Алматы облысы – 27,2 мың тонна;
Ақмола облысы;
Абай облысы.
Жалпы, 2022 жылы елімізде 121,2 мың тонна жаңа сойылған немесе салқындатылған құс еті (бір жылда 7,8% өскен) және 120,8 мың тонна мұздатылған құс еті (4,9% азайған) өндірілді.
Биыл қаңтар-мамырдың қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар құс еті және тағамдық субөнімдерге сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) 73,5% қамтамасыз етті, бір жыл бұрын көрсеткіш 72,2% болған.
Импорттың үлесі – 26,5%. Қазақстан 49,1 мың тонна құс еті мен тағамдық субөнімдер импорттаған – былтырғымен салыстырғанда 5,7% артық. Бұл ретте экспортқа 14,1 мың тонна жөнелтілді, 2,8 есе өскен.
Ішкі нарықта құс еті мен тағамдық субөнімдерді сату 5,9% өсіп, 171,5 мың тоннаға жетті.