KZ
Өскемен
-1°
переменная облачность жел 4 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Тасжолдардың біріне стробоскоптар орнатылды – ШҚО

Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

17.08.2023, 10:48 153 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша түрлі жұмыстар атқарылып жатыр. Тәртіп сақшылары қала сыртындағы автожолдарының апатты-қауіпті учаскелеріне ерекше назар аударуда.

ШҚО ПД бастамасы бойынша ШҚО ҚазАвтоЖол ҰК АҚ ШҚОФ-мен бірлесіп "Өскемен-Алтай-Рахман қайнарлары" республикалық маңызы бар автожолдың 4 учаскесінде күн батареялары мен аккумуляторлар арқылы жұмыс істейтін қызыл-көк түсті гаммадағы жол стробоскоптары орнатылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  Стробоскоптар жүргізушілерді авариялық-қауіпті учаскелер, ЖКО жиі орын алатын жерлер туралы қосымша ескертуге және жол жағдайын көруді жақсартуға арналған. Түнде қауіпсіздікті арттыру үшін әсіресе өшіп-жанатын маяктар қажет. Айта кету керек, құрылғылар автомобиль жолында көліктің болуына байланысты емес, тұрақты режимде жұмыс істейді, дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Әкімшілік полиция ҚазАвтоЖол ҰК АҚ мен облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына Самар ауылы, Семей қаласы, Риддер қаласы бағыттары бойынша ұқсас стробоскоптарды қолдануға бастамашылық жасады.

  Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау  біздің маңызды міндетіміз. Десе де жүргізушілердің өздері де көлік тәртібі мен жылдамдық режимін сақтауды ұмытпауы тиіс,  дейді тәртіп сақшылары.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив