ШҚО-да тауарлы-сүт фермаларын салу бойынша 4 жоба іске асырылады
Фото: inbusiness.kz
ШҚО-да биыл агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін 26 млрд теңгеден астам субсидия бөлінген.
Облыста 1 қазандағы жағдай бойынша жылдық жоспардың 86%, ал аталған қаржыдан 22,6 млрд теңге игерілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ҚР Президенті ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты келешегі зор бағыттарға басымдық беру керектігін айтқан болатын.
Қазіргі күні өңірдегі мал шаруашылығында Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін пайдалана отырып, тауарлы-сүт фермаларын салу бойынша 4 жоба іске асырылып жатыр. Ол үшін 10 млрд теңге қаржы да бөлінген.
Аталмыш жобарды іске асыру кезінде сүт өндірісі 18 мың тоннаға артып, сүт өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 52%-ға жетеді.
Алдағы уақытта тауарлы-сүт фермаларын кеңейтуге және салуға 25%-ға дейін инвестициялық субсидиялау көзделген.
#republicdaykz #kzdayrepublic