KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

ШҚО-да ең көп қойылған есімдер анықталды

8.12.2023, 20:06 149 Ләззат Қанатқызы

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалы өңірдегі ең танымал есімдерге рейтинг жасады.

Үздік бестікке Айкөркем, Айбибі, Көзайым, Ульяна, Муслима есімдері енді. Ер есімдер тізімінде Ислам, Хангелді, Хантөре, Хамза, Марк есімдері бар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бүгінгі таңда баланың туу туралы куәлігін алуға өтінімді онлайн режимінде беруге болатынын еске саламыз. Ағымдағы жылдың басынан бері ШҚО-да барлығы 30 мыңнан астам құжат берілді.Оның ішінде ресімдеуге 4 мыңнан астам өтінім проактивті форматта берілді. Егер өткен жылмен салыстырсақ, проактивті өтінімдер саны екі есеге артқан.

- Бала туылғаннан кейін жас ана SMS-хабарлама алады. Бұл хабарламаға жауап ретінде сіз бірнеше сұрақтарға жауап беріп, таңдаған есіміңізді жазуыңыз керек. Бұл формат туу туралы куәлікті алу процесін жеңілдетеді және уақытты айтарлықтай үнемдейді,- деді Мемлекеттік корпорацияның ШҚО бойынша филиалының директоры Азамат Есембулов.

Естеріңізге сала кетейік, 1 шілдеден бастап АХАТ бөлімдерінің функциялары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілді. Неке қиюды тіркеу туралы өтініштерді қабылдау және өңдеу, сондай-ақ шешім қабылдау және нәтижелерді беру әлі де АХАТ қызметкерлерімен жүзеге асырылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив