Өскеменде тағы бір тұрғыннан есірткі тәркіленді
фото: inbusiness.kz
Тәртіп сақшылары Жібек Жолы көшесінде «Тойота Карина Е» маркалы көлікті тоқтатқан. Көлік ішіндегі 33 жастағы жолаушыдан есірткі заты тәркіленді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Тәркіленген заттың кептірілген марихуана екені тексеруден кейін нақтыланды. Полицияның мәлімеуінше, салмағы – 1362,09 грамм.
Күдікті қазір қамауда, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Оқи отырыңыз