Ұшақтың апаттық есігін ашқан: алматылық қалай жазаланды?
Фото: polisia.kz
Әуе кемесінің апаттық есігін ашқан ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
23 желтоқсанда Fly Arystan әуе компаниясы өкілдерінің өтініші бойынша Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Шымкент – Алматы бағытындағы рейс жолаушысын анықтап, ұстады. Құқық бұзушы акт бойынша рейстен түсірілді, – деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Polisia.kz сайтының мәліметінше тексеру барысында ұшақ бортындағы қауіпсіздік ережелеріне бағынбаған 29 жастағы Алматы қаласының тұрғыны екені анықталды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ол “орташа дәрежелі” мас күйде болған.
Аталған бап бойынша құқық бұзушы 15 тәулікке дейінгі әкімшілік қамауға алу түрінде жазалануы мүмкін