KZ
Өскемен
-21°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
522.42 543.89 5.28

Жас мамандарды тұрғын үймен қамту мәселесі талқыға түсті – ШҚО

25.12.2023, 19:07 190 Оразай Жеңісұлы

Өңір жастарын тұрғын үймен қамту ісі ілгеріледі ме? Азаматтарды әскери қызметке даярлау қай деңгейде? Әскерден жалтару үрдісін тоқта алдық па?

«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының жанындағы жастарды қолдау жөніндегі кеңестің жиынында осы мәселелер қаралды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Жиында салаға жауапты мамандар баяндама жасады. Жастарды отансүйгіштікке үндеп, әскери қызметке жетелеу үшін қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға ықпал ететін мәдени, этникалық, тілдік алуан түрлілікке негізделген, ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын дәрістер өткізілетіні айтылды.

Сондай-ақ облыстық құрылыс, энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының бастамасымен алдағы жылы «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша жұмыс істейтін жастарға жеңілдікпен тұрғын үй алуға мүмкіндік жасалады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу