KZ
Өскемен
-21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
522.42 543.89 5.28

Қор нарығында доллар үшінші күн қатарынан арзандап жатыр

фото: kapital.kz

27.12.2023, 18:00 103 Оразай Жеңісұлы

Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады. Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,80 теңгеге төмендеп, 1 доллар 455,50 теңге болды, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Ұлттық банктің 27 желтоқсандағы ресми бағамы: 1 доллар - 456, 22 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы — 456,1 теңге, сатып алу — 458,5 теңге. Астана қаласы бойынша сату бағамы — 456 теңгеден болса, сатып алу — 457,5

Алматыда Ресей рублі 4,91 — 5,09 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,95 — 5,03 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, қор нарығында доллар апта басынан бері арзандап жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу