KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 4 м/с, В
488.26 530.54 5.03

ШҚО-ның негізгі экономикалық көрсеткіштері

28.12.2023, 15:03 142

2023 жылдың қорытындысы бойынша облыста негізгі экономикалық көрсеткіштердің қарынды өсуі байқалды.

Қазіргі уақытта «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасын қаржылай қолдау құралдарын шоғырландыру жолымен әзірленген 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба іске асуда, - деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

  1. Білім.

Өңірде барлығы 343 мектеп бар. Оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешу, сондай-ақ мектеп ғимараттарын жаңарту мақсатында 2025 жылға дейін 5600 орындық 15 мектептің құрылысы жоспарланған. Оның ішінде биыл 700 орындық 2 мектеп іске қосылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сай әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың барлық балалары балабақшаларға тегін барады. Бастауыш сынып оқушыларының барлығы тегін тамақпен қамтылған. Мектептердің, балабақшалар мен колледждердің 100%-ы бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. Жедел басқару орталығына 116 қалалық, 99 ауылдық білім беру ұйымы қосылды.

Дабыл түймелерімен 135 мектеп, 89 (78,1%) балабақша, 21 (100%) колледж қамтамасыз етілді. Турникеттермен 78 мектеп, 14 (78,1%) балабақша, 12 (57,1%) колледж жабдықталған. Барлық қалалық мектептер (78) лицензияланған күзетпен қамтамасыз етілген. Облыстың барлық 343 мектебінде тамақтану ұйымдастырылған, оның ішінде балалардың 92%-ы ыстық тамақпен, 8%-ы буфет тамағымен қамтылған.

  1. Денсаулық сақтау.

Облыста 320 медициналық мекеме бар. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында биыл 18 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысанының құрылысы аяқталып отыр.

Онкологиялық және кардиологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу орталығын құру жобасы іске асуда.

  1. Әлеуметтік қолдау.

Халықтың табысын арттыру және жұмыссыздықты азайту бағдарламасын іске асыру мақсатында 29933 жұмыс орнын құру жоспарымен 2023 жылға арналған өңірлік жұмыспен қамту картасы іске асуда. Бүгінгі таңда 29379 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 20349-ы – тұрақты жұмыс орны.

Өңірлік картаны басқа да әлеуметтік іс-шаралармен бірге іске асыру нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 2022 жылғы 3 тоқсандағы 4,8%-дан 2023 жылғы ұқсас кезеңде 4,6%-ға дейін төмендеді.

Жұмысқа орналастыру іс-шаралары атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының 2022 жылғы 3196 отбасыдан (14965 адам) 2023 жылы 2530 отбасына (11911 адам) немесе 20%-ға дейін төмендеуіне әсер етті.

  1. Өнеркәсіп.

Ағымдағы жылы 8 жоба іске асуда. Жыл басынан бері Өскемен құс фабрикасының бройлер өндірісін кеңейту жобасы және «Багратион 2» шаруа қожалығының 300 басқа арналған тауарлы сүт фермасын салу бойынша жобасы іске қосылды.

  1. Ауыл шаруашылығы.

Агроөнеркәсіптік кешенде 37 жоба іске асуда. Сыйымдылығы 50 мың тонна болатын «Алтай» көтерме-тарату орталығының құрылысы аяқталуда.

Өңір кәсіптік балық аулау көлемі бойынша республикада көш басында келеді. Үш жыл ішінде 3,5 мың тоннадан астам өсірілген және 10 мың тонна табиғи балық өндірілді.

Өндіріс көлемі мал шаруашылығында 47%-ға, өсімдік шаруашылығында 53%-ға жетті.

Салада 9,4 мың шаруа қожалығы тіркелген. 74 мың жеке қосалқы шаруашылық бар.

Облыста өсімдік майын өндіретін 12 кәсіпорын бар. Жұмыс істеп тұрған және жаңа кәсіпорындарды ескере отырып, май өңдеу көлемі 900 мың тоннаға жетеді. Өсімдік майының экспорты 2 есе өседі деп болжануда.

Шығыс Қазақстанда елімізде алғаш болып күнбағыс дәнінен жылына 4 мың тонна сұйық лецитин өндірілетін болады.

  1. Су ресурстары.

Шығыс Қазақстанда республика су айдындарының 40%-ы шоғырланған. Келесі жылы өңірдің ірі су қоймалары – Үйдене мен Қандысуды жаңарту жұмыстары басталады, сондай-ақ Зайсан ауданындағы Кендірлік өзеніне су қоймасын салу жоспарлануда.

Нәтижесінде егіс алқабы 30 мың гектарға дейін ұлғайып, 830 шаруа қожалығы суармалы сумен қамтылады.

  1. Көлік және логистика.

2024 жылды «Жол жылы» деп жариялау туралы шешім қабылданды. Келесі жылы облыстық және аудандық жолдарды жөндеуді қаржыландыру 2 есеге ұлғаяды. 600 шақырым жол мен көшелерді ретке келтіру жоспарланған. Жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша 5 жылдық жоспар әзірленуде.

  1. Құрылыс және ТҮКШ.

2023 жылдың қорытындысы бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен 353,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. 2022 жылмен салыстырғанда өсім – 111,2%. Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 655 кезекте тұрған азамат баспанамен қамтылады.

«Бір қабатты Шығыс» өңірлік бағдарламасы бойынша үш жыл ішінде көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 589 үй, биыл 325 үй салынды.

Жаппай тұрғын үй құрылысы аудандарында 42 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектісі іске асуда. Жыл қорытындысы бойынша 14 нысан пайдалануға беріледі. 53,6 км инженерлік желі салынды.

Коммуналдық желілерді жөндеу және ауыстыру жұмыстары жүруде. Мәселен, осы жылы 679,7 км желі ауыстырылды және жөнделді.

Облыстың жылумен жабдықтау жүйесі 3 ірі ЖЭО және 32 шағын қазандықтан тұрады.

«Тарифті инвестицияға айырбастау» қағидаты бойынша облыста 8 нысан бойынша инвестициялық бағдарламалар бекітілді. Ағымдағы жылы жылумен жабдықтаудың 10 жобасы іске асуда.

Облыста барлығы 356 ауыл бар, оның 334-і таза сумен қамтылған (халықтың 98,9%).

  1. Дене шынықтыру және спорт.

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын халықтың саны 2023 жылы 307 мың адамға жетті.

Облыста 4 жастан 17 жасқа дейінгі балалардың жалпы саны – 121745, оның 79495-і (65%) үйірмелер мен секцияларға тегін барады.

Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын ерекше қажеттіліктері бар халықтың үлесі – 12,9% (республикалық көрсеткіш – 12,5%) немесе 4997 адам.

Облыста 1859 спорт ғимараты жұмыс істейді.

Әр түрлі спорт бойынша ел құрамаларына Шығыс Қазақстаннан 707 спортшы енеді.

Ағымдағы жылы еліміздің қысқы жастар ойындары өтті, онда Шығыс Қазақстан құрамасы 2 орынға ие болды. Әлем чемпионаттары мен кубоктарында облыс спортшылары 12 медаль жеңіп алды. Азия чемпионаттарында біздің спортшылар 11 алтын медаль жеңіп алды, 30 спортшы жүлдегер атанды.

  1. Мәдениет.

Облыста 360 мәдениет мекемесі жұмыс істейді. Жыл сайын облыстық драма театры 300-ден астам спектакль қояды. Тарбағатай ауданында бірегей халықтық театр жұмыс істейді.

Өскеменде апта сайын облыс қалалары мен аудандарының «Туған жер – алтын бесігім» мәдени күндері өтті, онда өңірлер шығармашылық ұжымдары мен ерекше қолөнерін ұсынды.

Ержан Кеңесұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив