KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 2 м/с, С
443.44 480.51 4.88

Президент бастамасы тарихымызды жаңғыртуға бастайды

3.01.2024, 18:00 265 Оразай Жеңісұлы

Тарихымызды жаңғыртуда Президенттің бастамасымен көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Мемлекет басшысының сұхбаты жайында ой бөліскен С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың сеньиор-лекторы Жәнатта Қалимолдина осындай пікір айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

– Бұл сұхбатты белгілі алаштанушы, ғалым Дихан Қамзабекұлының алуы, оның құндылығын көрсетеді десем артық айтқандық болмас. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы қоғамды толғандыратын, қазіргі таңда әр отбасында талқылауға түсетін сұрақтарға сыңаржақты қылмай, түлкі бұлаңға салмай ашық және нақты жауап берген. Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру, Қаңтар оқиғасы, ҰҚШУ қызметі, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, сыртқы саясат, Конститутциялық Сот, отбасындағы зорлық-зомбылық тағы да басқа ел ішіндегі түйткілді мәселелерге тоқталған. Тарихшы ретінде айтарым, ел тарихын жаңғыртуда Президенттің бастамасымен көптеген жұмыстар атқарылуда. Қазақ елінің тарихының көптомдығының әзірленуі, Сталиндік репрессия құрбандарының тарихын елдегі және алыс-жақын шетелдегі архив құжаттарын зерделеу арқылы еліміздің ашылмаған шындығын жас ұрпаққа жеткізу жолында көптеген ізденістер жасалуда. Әрине, әлі де еліміз үшін өзекті дүние көп. Жошы ұлысының 800 жылдығын, Қаныш Сәтбаветың 125 жылдығын, қан майданда ерлік көрсеткен, Рейстахқа ту тіккен батырымыз Рақымжанның және Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, халық қаһарманы Сағадат атамыздың 100 жылдығын атап өту, жастарымыздың жүрегінде патриоттық сезімді оятары анық. Қазір ғылым мен білімнің үстемдік еткен заманы. Осы орайда С.Аманжолов атындағы  Шығыс Қазақстан университетінде ғылымның дамуына және жас ғалымдардың ғылыми ізденістеріне айрықша көңіл бөлініп жатқанын айта кеткен жөн. Қазіргі уақытта мемлекетіміздің белсенді қолдауымен университетте 89 ғылыми жоба іске асырылуда. 2023 жылы бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылды. Атап айтқанда, Генуя университетімен С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да Италияның мәдени орталығы мен филиалын ашу туралы келісімге қол қойылды. 2023 жылдың жарқын қортындысының бірі – университеміздің бес бірдей оқытушысы «ЖОО-ң үздік оқытушысы» атанды.  Міне, осындай маңызды істермен елге қызмет жасау нағыз патриотизм деп білемін! – деді Ж. Қалимолдина.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив