ШҚО-да 2025 жылға дейін 15 мектеп салынады
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ольга Булавкинамен кездесті.
Кездесуде білім беруді дамыту және жаңа мектептер салу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Қазір өңірде 343 мемлекеттік мектеп бар. Бұл білім мекемелерінде 97 мыңнан астам оқушы сабақ оқиды. Бүгінде білім сапасын арттырумен қатар тұрған басты міндеттердің бірі – қалалық және ауылдық мектептер арасындағы оқу сапасының алшақтығын қысқарту. Бұл көрсеткішті бағалайтын негізгі құрал PISA-2022 халықаралық зерттеуінің нәтижелері болып есептеледі.
Осы орайда айта кетейік, облыста үш ауысымды және апатты мектептер жоқ. 570 орындық 4 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Ал 2025 жылға дейін 6000 орындық тағы 15 мектеп салу жоспарда бар.
Риддердегі маңызды әлеуметтік жобалардың бірі – көпсалалы аурухана салу. Шығыс өңірінен сайланған Мәжіліс және Сенат депутаттары осы жоба бойынша бейінді министрліктермен тығыз жұмыс істеп жатқанын айтқан жөн.