Жәрдемақы мен зейнетақы қанша теңгеге өсті?
Фото: turkystan.kz
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақылардың барлық түрінің мөлшері өсті.
Алматы қаласының Азаматтарға арналған үкімет филиалының электрондық іс макеттерін бақылау мен заңды және жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі басқарма басшысы Нәйлә Мұхаметқалиеваның сөзінше, қаңтардан бастап АЕК мөлшері өзгерді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Қазір ол 3 450 теңгенің орнына 3 692 теңге болады. Осыған байланысты әлеуметтік төлемдер мен айыппұлдардың мөлшері ұлғайды. Қазір елдегі ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңге
Сонымен бірге ол 2024 жылы өзгертілген көрсеткіштер бойынша жаңа мәліметтер келтірді:
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 692 теңге мөлшерінде;
Ең төменгі зейнетақы – 57 853 теңге;
Күнкөріс деңгейі (ЖМ) - 43 407 теңге;
Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге.
Мүгедектігі бар азаматтар үшін де төленетін жәрдемақы мөлшері де өсті. Мүгедектіктің бірінші тобы үшін - 95 486 теңгеге дейін, II топ үшін - 76 397 теңге, III топ үшін - 52 089 теңге.