Соттарға агрессорды тұрғын үйден уақытша шығару құқығы беріледі
Фото: liter.kz
Енді қазақстандық соттарға құқық бұзушыны тұрғын үйлерінен шығару құқығы беріледі, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зулхаиров әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық түзетулер туралы айтып берді.
«Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру мен ұрып-соғуды қылмыстық жауапкершілікке тарту жоспарлануда. Құқық бұзушының мінез-құлқына қойылатын ерекше талаптар шеңберінде сотқа агрессорды тұрғын үйден уақытша шығару құқығы беріледі. Бұл ретте оған әлеуметтік бейімдеу орталықтарында өз іс-әрекеттері жайлы ойлану ұсынылады. Сондай-ақ сот агрессордың денсаулық сақтау ұйымдарында міндетті психокоррекциялық курстардан өтуін тағайындауға құқылы», - деді Ренат Зулхаиров.
Айжанат Бақытқызы
Оқи отырыңыз
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қамауға алынғандар саны екі есе өскенЗейнетақы жинақтарын қолдануға көбірек құқық беріледі«Тұрмыс»: ШҚО-да 78 адамға ішімдік ішуге тыйым салынды Қазақстанда скринингтен өту үшін бес күн қосымша демалыс беріледіҚанша шетелдік көлік заңдастырылды? ІІМ жауап берді