Шетелде төтенше жағдайға тап болған қазақстандықтарға арналған SOS түймесі іске қосылды
фото: massaget
Qazalem веб-платформасында шетелде төтенше жағдайға тап болған азаматтарымызға жедел көмек беру үшін SOS түймесі іске қосылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Informburo.kz сілтеме жасап.
«Отандастар» қорының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, түйме сайттың жоғары жағында орналасқан. Оны басқан жағдайда көмек беті ашылады.
Көмек алу үшін:
Өзіңіз тұрған елдегі Қазақстан консулдығын таңдау;
Еліңізді және мекен-жайыңызды енгізу;
Кері байланыс үшін телефон нөміріңізді немесе электронды поштаңызды қалдыру;
Басыңызға түскен жағдайды қысқаша сипаттап жазу және «Жіберу» батырмасын басу қажет.
«Бұдан кейін сізге консулдық мамандары ең қысқа мерзімде хабарласады», – делінген «Отандастар» қорының хабарламасында.
Айжанат Бақытқызы