KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
488.45 529.19 5.04

Қар көшкінінен қалай сақтанамыз?

фото: gov.kz

11.01.2024, 20:10 124

Қысқы саяхаттың қызығы да қаупі де бар. Сондықтан қарлы тауда саяхаттағанда сақ болып, қауіпсіздік шараларын ұстанған жөн. Сондай-ақ ТЖД мамандарының кеңесіне құлақ түріп, тауға саяхаттау ережелерін білгеннің артықтығы жоқ.

Ең бастысы тауға жалғыз шықпауға мамандар кеңес береді. Тауға шыққанда алдымен қауіпсіз бағытты таңдаңыз. Егер сіз қар көшкініне тап болсаңыз, ең алдымен, рюкзактан, шаңғыдан, сноубордтан мүмкіндігінше тезірек құтылу керек. Сондай-ақ қар көшкініне тап болған кезде жүзу қимылдарын жасап, қар бетіне шығуға әрекет ету керек. Тауда айқайлауға қатаң тыйым салынады. Егшер қандай бір жағдаймен ұйықтап қалып оянсаңыз терең тыныс алып, қалай жатқаныңызды білу үшін сілекей жіберіп білуге болады.

Сонымен қатар, көмекшілердің де іздеу тәсілін айта кетейік. Құтқарушылар көмекке келген кезде алдымен іздеу аймағын зондтауға кіріседі. Олар бір қатарға бір-біріне мүмкіндігінше жақын орналасады да қадам сайын іздей бастайды, бұл кезде абсолютті тыныштық болуы шарт. Іздеуді таудың етегінен жоғары қарай жүріп жалғастырады.

Сондай-ақ қар көшкінінде әр секунд маңызды, іздеу неғұрлым тез болса, соғұрлым жақсы. Ал кинологтің көмегіне жүгініп, итпен іздеу әлдеқайда тиімді. Өйткені ит иіс арқылы қардың арасынан жоғалған адамды тез таба алады.

Бұл әдіс-тәсілдерді әр адамның білгенінің артықтығы жоқ. Ол өзіңіздің және өзгенің өмірі үшін де қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив