Өскеменде ескі үйлер жөнделеді
сурет көрнекілік үшін lada.kz сайтынан алынды
Облыс орталығында 11 тұрғын үй тозығы жеткен деп танылды. Оларда 115 пәтер бар. Бұл тұрғын үйлер енді бюджет есебінен жөндейді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
- Салынғанына 70 жылдан асқан үйлерді ретке келтіру тұрғындар үшін оңай емес. Бұған мемлекеттік қаражат есебінен көмектесу мүмкіндігі бар. Қала тарихында алғаш рет осы мүмкіндікті пайдаланып, өзекті мәселені оңды шешуге ниеттіміз, - деп түсіндірді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.
Тозығы жетен әр үйдің шатырын ауыстыру, қасбеттерді және кіреберістерді жөндеу жоспарланып отыр. Жөнделетін үйлердің мекен-жайлары кейінірек жарияланады.
Айжанат Бақытқызы
Оқи отырыңыз