Өскемендегі №1 емхананың филиалы күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды
Өскеменде күрделі жөндеуден кейін №1 емхананың филиалы қайта ашылды.
Медициналық мекеменің ұжымы пациенттерді бұрынғы орнында және жаңартылған кабинеттерде қабылдауда. Емхананың өз зертханасы, ультрадыбыстық зерттеу, рентген кабинеттері бар, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Потанин көшесіндегі №1 емхана филиалын күрделі жөндеу рекордтық қысқа мерзімде аяқталды — мердігер ұйым ғимаратты ретке келтіруге төрт ай жұмсады.
Барлық үш қабат пен жертөле жөнделді, инженерлік-техникалық жабдықтар ауыстырылды, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді, желдету жүйелері жөнделді, автоматты өрт дабылы орнатылды.
Алғашқы келушілер емханада болған өзгерістерге оң бағаларын берді.
- Емхана танымастай өзгерген. Өте әдемі, жарық, таза. Өте жақсы, - деп атап өтті облыс орталығының тұрғындары.
Толығымен жаңартылған ғимарат бұрынғыдан әлдеқайда жайлы, онда жайлы күту аймақтары, жағымды жарықтандыру пайда болды, емхана филиалының жаңартылған ғимаратында тағы бір маңызды жаңалық бар. Бұл - жастар денсаулық орталығы, оның өзінің жеке кабинеттері, қажетті жабдықтармен жарақтандырылатын физиокабинеті бар.
Сондай-ақ бұл күні медициналық мекеме филиалының медицина қызметкерлері көп жылдық жұмысы үшін және мамандыққа адалдығы үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Айта кетейік, Өскемен қаласының №1 емханасы 65 мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетеді, оның 33 мыңы-балалар.