KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
488.45 529.19 5.04

ШҚО тұрғыны алғашқы жеке куәлігін 50 жасында алды

Фото: egov.kz

16.01.2024, 09:52 124

ШҚО да 50 жыл құжатсыз жүрген адам алғаш рет жеке куәлігін алды. 

1970 жылы дүниеге келген шығысқазақстан тұрғынында  осы уақытқа дейін  қазақстандық құжаттары болмаған.  Азаматша өзінің КСРО төлқұжатын жас кезінде жоғалтып алған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

«Әйел адам Талдықорған қаласында туып, сол жерде мектепті бітірген. 1991 жылы Зырян ауданы Парыгино ауылына (қазіргі Алтай ауданы) көшіп келген. 1998 жылдан бастап ол ресми түрде еш жерде жұмыс істемеген және сол жылдары КСРО үлгісінің паспортын жоғалтып, құжатсыз қалған»,- деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.

ШҚО ПД Көші-қон қызметінің қызметкерлері адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығымен бірлесіп әйелдің ҚР азаматтығына жататынын растау үшін құжаттарын жинауға көмек көрсеткен.

Енді Алтай ауданының тұрғыны әлеуметтік және медициналық қызметтерді еш қиындықсыз алып, зейнетақы қорына тіркеле алатын болды. Құжаттарын алып, қуанған әйел адам тәртіп сақшыларына алғыс білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Полиция департаменті азаматтарды құжаттары жоғалған жағдайда дереу тиісті органдарға жүгінуге шақырады.

Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив