ШҚО-да 4 ауылдың тұрғындары ішімдік өнімдерінен бас тартқан
Фото: bbci.co.uk
Шығыс Қазақстанда төрт елді мекеннің халқы ішімдік өнімдерінен бас тартып отыр. Нәтижесінде осы ауылдарда бір де бір қылмыс не бұзақылық тіркелген жоқ, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Масаң күйде жасалған қылмыстардың алдын алу және алкогольді ішуге бейім адамдармен жұмыс істеу, алкогольге тәуелділікті емдеу сияқты шараларды жүйелі түрде атқару осындай нәтижеге жеткізді.
Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, 2023 жылы уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына барлығы 5000-нан астам адам орналастырылды, сондай-ақ алкогольге тәуелді 370-ке жуық адам мәжбүрлеп емдеу пункттеріне жіберілді.
Сонымен қатар, полицейлер заңсыз алкоголь өнімін тәркілеу жұмыстарын жүзеге асыруда. Өткен жылы облыста 16,5 тонна суррогат спирті тәркіленген, 205 адам оларды сату кезіндегі бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.