ШҚО-да пәтер тонаушылар ұсталды
Ұрылардан қолды болған алтын бұйымдардың бір бөлігі тәркіленді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері облыс орталығына ұрлық жасау мақсатында басқа өңірлерден келген екі ер адамды анықтаған. Олар бұрын сотты болғандар.
Ағымдағы жылдың қаңтар айының басында қылмыскерлер өздерінің қылмыстық ойын іске асыру мақсатында Өскемендегі үйлердің біріне кіріп, алтын бұйымдар мен күзен тонды ұрлаған.
Ұрланған заттардың бір бөлігі жалдамалы пәтерден тәркіленген. Ұрылар алтын бұйымдарды тиісті жерлерге өткізіп, одан түскен ақшаны жұмсап үлгерген.
Ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды, күдіктілердің біреуі соттың санкциясымен қамауға алынды.
Жанаргүл Мұқатай